Алматыдағы селден кейін төрт адам ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Олардың барлығы қаладағы №7 клиникалық ауруханасында емделіп жатыр.
Алматыдағы селден кейін төрт адам ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Олардың барлығы қаладағы №7 клиникалық ауруханасында емделіп жатыр.
Емдеу мекемесіндегі бас дәрігер Болатбек Баймахановтың айтуынша, жедел жәрдем көлігімен 12 адам жеткізілген. Олардың 8-і тексерістен өткеннен кейін қайтарылды. Ауруханада жатқандардың бірі селден үрейленген адамның көлікпен қағып кеткеннен кейін жатқызылғанын айтты. "Дүрбелеңнің салдарынан көлік қағып кеткен", - деді Баймаханов. Зардап шеккен адамның аяғы сынған.
Біреуінің аяғы сынды, тағы біреуі қан қысымымен түссе, біреуі суықтап қалған. Баймахановтың айтуынша, әйелдер жақын арада ауруханадан шығарылады. Ал ер адамдар 10-12 күннен кейін жіберіледі. Бас дәрігер жарақаттанғандармен психологтардың жұмыс істегенін айтты. Селден кейін аудандарда жедел жәрдемнің 20 бригадасы жұмыс істеді.
"Олардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Жағдайы ауыр науқас жоқ. Жан сақтау бөліміне жатқызудың қажеттілігі туған жоқ", - деді Баймаханов.
Еске сала кетейік, Алматыда селге байланысты ТЖ режимі жарияланды. Апат салдарын жоюға 2 миллиард теңгенің бөлінгені анықталды. Әкімнің тапсырмасымен зардап шеккендер уақытша баспанамен, азық-түлікпен, сумен және медициналық көмекпен қамтылды.
Еске сала кетейік, Алматыдағы сел 23 шілде күні түнгі сағат 03.00 шамасында жүрді. Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты. Селдің салдарынан Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандары зардап шекті. Сел болған аймақтан 900-ге жуық адам эвакуацияланды. Олардың көбі №176 орта мектеп пен Наурызбай аудандық әкімдігіне орналастырылды. Қала басшылығы зардап шеккендерге көмек көрсетуге сөз берді. Селден келген шығынның көлемі оның салдарын жою шараларынан кейін анықталады.