22 қыркүйекте таңғы 05:00-де Алматыда "Шашлычный двор" кафесінің шатыры өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов. Кафе Жасқанат ықшамауданындағы Баймағамбетов көшесінде орналасқан.

Өрт 06:01-де ауыздықталып, 06:14-те толығымен сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт аумағы - 300 шаршы метр.
Өрттің неден шыққаны тексеріліп жатыр. Өрт сөндіруге 50 маман мен 16 арнайы өрт сөндіруге арнлған техника жұмылдырылған.