10 қараша 2015 | 23:07

Алматыда шатырдан секіріп өлген егіз әйел емделуге ақша таппай қиналған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "КТК" арнасының кадры © "КТК" арнасының кадры

Алматыда өз-өзіне қол салған екі әйелдің өліміне қатысты тың деректер айтылып жатыр. Ірі сауда орталығының төбесінен қол ұстасып секірген 49 жастағы Мирослава мен Галина Коваленколар егіз екен. Бірнеше жыл бұрын марқұмдардың анасы да өз үйінде асылып өліпті. Екеуі сол шешелерінен қалған бір бөлмелі үйде тұрып келген. Егіздердің мұндай қадамға баруына тұрмыс тауқыметі түрткі болуы мүмкін дейді көршілері.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда өз-өзіне қол салған екі әйелдің өліміне қатысты тың деректер айтылып жатыр. Ірі сауда орталығының төбесінен қол ұстасып секірген 49 жастағы Мирослава мен Галина Коваленколар егіз екен. Бірнеше жыл бұрын марқұмдардың анасы да өз үйінде асылып өліпті. Екеуі сол шешелерінен қалған бір бөлмелі үйде тұрып келген. Егіздердің мұндай қадамға баруына тұрмыс тауқыметі түрткі болуы мүмкін дейді көршілері.

Өткен дүйсенбіге қараған түні шатырдан құлап өлген егіздердің әрекеті жұрттың жағасын ұстатты. Мирослава мен Галина Коваленколар томаға-тұйық өмір сүрген. Бірақ ішімдікке еш әуестігі жоқ еді дейді көршілері. "Әрқашан бірге жүретін. Екеуі де дене шынықтыру институтын бітірген. Қылыштасу спортымен шұғылданатын. Кейін жұмыстары жабылып, Көк базарда сауда жасады. Бірақ соңғы үш жылдан бері тұрақты жұмыс істеген жоқ", - дейді көршісі Людмила Гримм.

Марқұмдардың бір бөлмелі пәтері қазір жабық тұр. Оған полиция мөр басып кеткен. Себебі егіздердің ешқандай туыстары жоқ. Ал бірнеше жыл бұрын бұл екеуінің шешелері де дәл осы пәтерде өз-өзіне қол салған дейді көз көргендер. 

Сонымен қатар, көрші тұрып жатқанына отыз жылдан асқан әйел Людмила Гузева олардың анасы жайлы тың деректі айтып берді. "Жиырма жылдай бұрын аналары да өз үйінде асылып өлген. Егіздердің біреуі тұрмыс құрып кейін ажырасты. Кішкентай қызын күйеуі Германияға алып кетті. Одан бөлек туыс ағалары келіп тұратын. Ол да шетелге кетіп қалды", - деді Гузева.

Жақын туыстары жоқ болғандықтан марқұмдардың қайда жерленгені де белгісіз. Бір анығы - жақында егіздердің  біріне ота жасалған екен. Бірақ ары қарай емделуге ақша жетіспеген. Ал полиция әзірге тергеу құпиясы деп бұл оқиғаға қатысты жақ ашпай отыр.

Өмірден баз кешіп, өз-өздеріне қол салған апалы-сіңіілі қос әйелдің түнгі сағат төрттер шамасында сауда нысанының шатырына қалайша шығып бара жатқан сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған екен. Алайда күзетілетін нысанға марқұмдардың қалайша емін-еркін еніп кеткені белгісіз. Бірақ бұл сұрақтарға құзырлы органдар да, сауда орталығының әкімшілігі де әзірге жауап беруге асығар емес. 

Еске сала кетейік, осыған дейін егіз әйелдің Алматыдағы "Мерей" сауда орталығының ғимаратынан секіріп кеткені белгілі болды. ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек екі әйелдің өлімін растаған болатын. Бұл дерек Жетісу аудандық ішкі істер басқармасының сотқа дейінгі бірыңғай реестрінде тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайын сотқа дейінгі тергеу анықтайды. Алдын-ала болжам бойынша, бұл - суицид", - деп хабарлады ол.

Дереккөз: "КТК" телеарнасы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети