Алматыда шенеунік алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда шенеунік алаяқтық жасады деген күдікке ілінді Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары алаяқтық дерегі бойынша күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары алаяқтық дерегі бойынша күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

Алматы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы" КММ басшысының орынбасарына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр.

"Шенеунік алаяқтық жасау бойынша күдікке ілінді. Алдау арқылы ол аула аумақтарын күтіп ұстау, жинау және ҚТҚ шығару бойынша қызметтер көрсету шарттарын жасасу сылтауымен 21 миллион теңге көлемінде жергілікті кәсіпкердің ақшалай қаражатын иемденген.

Күдікті үй қамағына алынды", - делінген хабарламада.

Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети