Алматыда шетелдіктерді ойыншық қарумен қорқытып, тонап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда шетелдіктерді ойыншық қарумен қорқытып, тонап кеткен Фото polisia.kz

Жаңа жыл қарсаңында Алматыда Сингапур азаматтарына қарақшылық шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа жыл қарсаңында Алматыда Сингапур азаматтарына қарақшылық шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Белгісіз 5 адам шетелдіктердің жалға алған үйіне басып кіріп, оларды қарумен қорқытып, ақша беруін талап еткен. Осылайша, қарақшылар олардан 3 миллион теңге мен 13 мың доллар (5 миллион 907 мың 882 теңге, 1 доллар - 454,45 теңге) тартып алған.

Қылмысты ашу үшін арнайы жедел тергеу тобы құрылды.

"Шетелдіктерге шабуыл жасағандар ұсталды. 5 күдікті 1999, 2001, 2003 жылдары туған. Олар Алматы облысында тұратыны анықталды. Қылмыстың негізгі ұйымдастырушысы Т. бұрын қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталған. Ол зардап шеккендермен жұмыс істеген әрі олардың табысы туралы білген. Қылмыстың хронологиясы мен күдіктілердің қалай дайындалғаны белгілі болды. Мұнда бейнебақылау жүйелері маңызды роль атқарды. Айғақтар, оның ішінде 2 ойыншық тапанша тәркіленді", - деді Алматы қаласы ПД басшысының орынбасары Дидар Аханов.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети