Алматыда шілдеде із-түссіз жоғалып кеткен ер адам өлі табылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда шілдеде із-түссіз жоғалып кеткен ер адам өлі табылды instagram/volontery_almaty_lider.kz

Талғар ауданында шілдеде жоғалып кеткен 46 жастағы ер адам Алматыда өлі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғар ауданында шілдеде жоғалып кеткен 46 жастағы ер адам Алматыда өлі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мамбетов Асқар Абдужалилович, 1978 жылғы, 14 шілдеде Тұздыбастау ауылында жоғалып кеткен. Сол күні шамамен сағат 11:30-да ол Бердығұлов көшесі, 18 а мекенжайында орналасқан орталық мешіттен шыққан.

Куәгерлердің айтуынша, одан кейін ер адамды аялдамада көрген, ол №54 автобусқа мініп, Алматыға бет алған. Содан бері оның қайда екені белгісіз болған.

Бұған дейін ер адамның қаланы білмейтіні және психикалық ауруы бар екені хабарланған еді.

Еріктілердің ақпаратына сәйкес, жоғалған адамның денесі 14 тамызда табылған. Ал 17 тамызда оны жұбайы таныды. Бұл — зорлық-зомбылықсыз өлім жағдайы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті

Валюта бағамы

 505.73  course up  595  course up  6.32  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети