Алматыда соққыға жығылған ардагер осы іске қатысты күдіктілер арасынан кінәліні таппады, - деп хабарлайды "31 арна". Николай Хохлов арнаға берген сұхбатында ұсталғандардың арасында өзіне шабуыл жасаған адамның жоқ екенін айтты.

Ардагердің қызы Ирина Зуева әкесімен бірге қылмыскерді анықтауға барғанын телефон арқылы мәлімдеді. "Әкем ұсталғандардың бәріне анықтап қарады, дегенмен олардың арасында әкемді ұрып-соққан ер адам жоқ" - деді ол.
Айта кетейік, осыған дейін Ирина Зуева әкесін соққыға жықты делінген адамның ұсталғанын хабарлаған болатын.
Еске сала кетейік, Желіде Алматыдағы ҰОС ардагері Николай Хохловтың соққыға жығылғаны бейнеленген видео пайда болған еді. Роликте зейнеткерге бір ер адамның жақындап келіп, қабын тартып алып жатқаны және ұрғаны бейнеленген.
4 мамырда полиция қызметкерлері Алматыда ардагерді ұрып-соққан ер адам ұстағанын хабарлаған болатын. Тергеу деректері бойынша, ардагерді ұрған ер адам 32 жастағы алматылық болып шықты. Егер күдікті өз қылмысын мойындаса, оған жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.