Алматыда жолаушылар соққыға жыққаннан кейін көзінен айырылған автобус жүргізушісі көлік холдингінен 5 миллион теңге талап етті. Қалдыбек Байтанауов "Оңай" жүйесін енгізген компанияның кесірінен мүгедек болып қалдым деп отыр, - деп хабарлайды КТК.
Алматыда жолаушылар соққыға жыққаннан кейін көзінен айырылған автобус жүргізушісі көлік холдингінен 5 миллион теңге талап етті. Қалдыбек Байтанауов "Оңай" жүйесін енгізген компанияның кесірінен мүгедек болып қалдым деп отыр, - деп хабарлайды КТК.
"Оңай" компаниясының үстінен шағым түсіремін. Сол жолы "Оңай" тексерушілер болғанда, картасы жоқ адамдарға айыппұл салып, автобустан шығарып тастар еді. Енді маған қаржылай көмек көрсетсін", - деді Байтанауов.
Дәрігерлер жүргізушінің көру мүмкіндігін толықтай қалпына келтіріп бере алмады. Енді ол отбасын қалай асыраймын деп қиналып отыр. "Бір көзім мүлде көрмейді, екіншісі сәл ғана көреді. Екінші топтағы мүгедек болып қалдым, енді ешкімге де керегім жоқ. Ал мен болсам балаларымды асырауым керек", - деді ол.
"Оңай" жүйесінің басшылығы айыппұл төлеу негізсіз екенін жеткізді. Өйткені жәбір көрген жүргізуші жеке автопарк қызметкері. Сондықтан да олар қандай да бір өтемақы төлеудің де реті жоқ деп есептейді. "Біз тек өз қызметкерлерімізге жауаптымыз. Егер олар жәбірленсе, қолдан келген көмектің бәрін жасар едік. Ал бұл жағдайда таяқ жеген біздің жұмысшы емес. Сондықтан, біз көмек көрсетуге міндетті емеспіз", - деді "Алматы көлік холдингі" ЖШС баспасөз хатшысы Эльмира Киргеева.
Еске салайық, оқиға 8 ақпан күні Абдуллин және Қазыбек би көшелерінің қиылысында болған. Іс материалындағы мәліметке сүйенсек, белгісіз екі жолаушы №13 бағыттағы қоғамдық көліктің жүргізушісін соққыға жыққан.
Дереккөз: КТК