Алматыда студент 7-қабаттан құлай жаздаған баланы құтқарып қалды

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда студент 7-қабаттан құлай жаздаған баланы құтқарып қалды Кадр видеодан

Алматыда 19 жастағы студент 7-қабаттан құлай жаздаған екі жасар баланы құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 19 жастағы студент 7-қабаттан құлай жаздаған екі жасар баланы құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

21 шілдеде Алматы ТЖД-ға 67 жастағы Ермекбай Тамабаев жүгінген. Немересімен серуендеуге шыққан ер адам "Алтынбұлақ" тұрғын үй кешенінде 7-қабаттан құлай жаздаған баланы құтқару сәтіне куә болған.

Куәгердің айтуынша, бала 7-қабаттағы өрт сатысына қысылып қалған.

"Басы тор арасына қысылып қалған еді, ал өзі салбырап тұрды. Ол кіреберістің төбесіне құлап кетуі мүмкін еді", - деді ол.

Ермекбай Тамабаев кіреберісте тұрған жастарды көмекке шақырған.

"Өтінішіме көмекке асыққан жас жігіт бірден жауап берді. Ол соңғы минуттарда тордан ұстап тұрған кішкентай баланы ұстап үлгерді, содан кейін оны анасына берді", - деді ер адам.

Құтқарушы Абай атындағы педагогикалық университеттің Дене шынықтыру факультетінің 19 жастағы студенті Ерасыл Махмуд болып шықты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Департамент по ЧС г.Алматы (@almaty_tjd)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети