Алматыда субұрқаққа түскен жасөспірім қайтыс болды: себебі анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда субұрқаққа түскен жасөспірім қайтыс болды: себебі анықталды видео кадры

Алматыда ҚазҰУ аумағындағы субұрқақ маңында қайтыс болған 17 жастағы жасөспірімнің өлімінің себебі белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ҚазҰУ аумағындағы субұрқақ маңында қайтыс болған 17 жастағы жасөспірімнің өлімінің себебі белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оңтүстік-Шығыс өңірі бойынша өңіраралық сот сараптамасы орталығы директорының медициналық мәселелер жөніндегі орынбасары Миржан Байсадықов сараптама жігіттің қайтыс болу себебін анықтауға көмектескенін айтты.

"Өлім суға бату кезінде тыныс алу жолдарын су жауып қалып, соның салдарынан туындаған механикалық асфиксиядан болған", - деді сарапшы.

Сондай-ақ, ол мұның алдында электр тогы соққан-соқпағанын анықтау мүмкін еместігін түсіндірді.

"Ток туралы айта алмаймыз. Оған не болды және қалай, неге жағдайы нашарлады - бұл біздің құзыретімізге кірмейді. Біз тек өлімнің тікелей себебін береміз", - деп қорытындылады маман.

Еске салайық, қайғылы оқиға 19 маусымда болған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағындағы субұрқақта 17 жастағы жасөспірім қаза тапты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети