Алматыда тағы бір автобус жол апатына ұшырады: зардап шеккендер бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматыда автобус жол апатына ұшырады, зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда автобус жол апатына ұшырады, зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде тағы бір автобус апатының салдары түсірілген видео пайда болды. Кадрлардан қоғамдық көлік зақымданғаны және ішінде жолаушылар жоқ екені көрінеді. Автор жол апатының Әшімов пен Шаляпин көшелері қиылысында болғанын айтады.

Алматы полициясы жол апатының сағат 09:15-те Алматының Наурызбай ауданында болғанын хабарлады.

"Жүк көлігінің жүргізушісі Әшімов көшесімен солтүстік бағытта, Шаляпин көшесінің солтүстігінде келе жатып, аялдама кешенінде тоқтаған 137-маршрут автобусына соқтығысқан. Инерция бойынша автобус жол жиегіне шығып, жекеменшік үйдің қоршауына соғылған", - деп хабарлады полиция.

Жол апаты салдарынан тоғыз жолаушы зардап шекті. Жол-көлік оқиғасының басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети