16 мамыр 2017 | 19:50

Алматыда тағы бір жол талғамайтын көлік автобусты соқты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Территория происшествий" © "Территория происшествий"

Алматыда тағы бір жол талғамайтын көлік 118-ші бағыттағы автобусты соқты, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда тағы бір жол талғамайтын көлік 118-ші бағыттағы автобусты соқты, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы бүгін Әуезов ауданындағы Абай даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысында болған.

Куәгерлердің айтуынша, батысқа қарай жүріп бара жатқан Toyota Land Cruiser 200 көлігінің алдындағы көлік жаяу жүргінші өткеліне тоқтаған. Лезде әрекет етіп үлгермеген жүргізуші оңға қарай бұрып жіберіп, сол жылдамдығымен автобусты соққан.

Салдарынан жол талғамайтын көліктің салонында болған әйел мен бала зардап шеккен. Олар ауруханаға жеткізілді. 

Жол-көлік оқиғасы болған жерде автобустан газ шыққандықтан дереу өрт сөндіру қызметі шақыртылған. Оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтап жатыр.


© "Территория происшествий"

Еске салайық, 11 мамырда автобустың қатысуымен тағы бір ірі жол апаты болған еді. "Гелендваген" жүргізушісі Райымбек даңғылымен шығысқа қарай жүріп бара жатып, Потемкин көшесіне бұрылатын тұста жолаушылар автобусына соқытығысқан болатын. Сол апаттан 22 адам зардап шеккен еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети