Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде жараланғандар ауруханадан қайда жеткізілді?

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде жараланғандар ауруханадан қайда жеткізілді? Фото ©РИА Новости

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы өкілі Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен науқастар қайда жеткізілгенін және олар қандай жағдайда болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы өкілі Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен науқастар қайда жеткізілгенін және олар қандай жағдайда болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін БАҚ-та қаладағы тәртіпсіздіктер барысында жараланғандар Алматы ауруханаларынан шығарылғаны туралы хабарлама тарады. БАҚ мәліметінше, оларды күш құрылымдары өкілдері алып кеткен.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілі тәртіпсіздік кезінде Алматы ауруханаларына 1256 адам жүгінгенін, оның 506-сы ауруханаға жатқызылғанын мәлімдеді. Бір бөлігі ауруханаларға жедел жәрдем көліктерімен жеткізілген, бір бөлігі өздігінен келгені белгілі болды. Барлығына медициналық көмек көрсетілген. Қазір ауруханаларда 33 науқас бар.

"Ауруханаға түскеннен бірнеше күн өткен соң, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін кейбір науқастарды әскери госпитальдар алып кетті. Сондай-ақ, науқастардың бір бөлігін тергеу органдары жедел-тергеу шараларын жүргізу үшін ауруханалардан шығарды. Оларға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ғана алып кетті", - деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети