Алматыда тасқын салдарынан тағы бірнеше аудан су астында қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тасқын салдарынан тағы бірнеше аудан су астында қалды © ҚР ІІМ ТЖК

Алматының Алатау және Жетісу аудандарын да су басып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі Комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап. Оқиға орнында шамамен 400 адам жұмыс істеп жатыр.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының Алатау және Жетісу аудандарын да су басып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі Комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап. Оқиға орнында шамамен 400 адам жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, 29 сәуірде сағат 23.40-та Қарғалы өзенінің арнасынан көтеріліп жатқаны туралы ақпарат келіп түскен еді. Салдарынан Алатау ауданындағы Алғабас ауылының үйлерін су басты.

"Алматы ТЖД жеке құрамын тез арада жинау туралы хабар таратылды. "Қазселденқорғау" Мемлекеттік мекемесі Қарғалы өзені маңындағы гидротехникалық иммараттың жағдайын бақылауда ұстап отыр", - деді ол.

Тексеріс барысында Алатау ауданындағы Алғабас ықшамауданының Бейбітшілік, Желтоқсан, Ақсай көшелерінде 14 үйдің, 27 ауланың су астында қалғаны анықталды. Жетісу ауданындағы Зубаев көшесінде Есентай өзенінің арнасынан асуынан 37 үй, 27 аула су астында қалды.

"Қазіргі уақытта жекеменшік үйлердің ауласынан су тарту және өзеннің арнасында инженерлік жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді ТЖК өкілі.

Алатау ауданында №185 мектеп және Жетісу ауданындағы №87 мектеп - эвакуациялық орын. Су тасқынының салдарын жоюға 382 адам, 80 техника жұмылдырылды. Адамдарды эвакуациялауға 1000 автобус дайындықта тұр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети