Алматыда тау бөктерінен өрт шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тау бөктерінен өрт шықты Фото: Tengrinews.kz

Алматыда Шығыс айналма жолында Төле би көшесінен төмен аумақтағы тау бөктерінен өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Шығыс айналма жолында Төле би көшесінен төмен аумақтағы тау бөктерінен өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қалалық төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабар түскі сағат 13.20 түскен. Мамандар құрғақ шөптің өртенгенін анықтаған. Өрт шамамен 1,5 гектарға шарпыған.

"Желдің қатты болуы салдарынан тау бөктеріндегі 4 үйге өрт қаупі төнді. Өрт тұрғын үйлерден 20 метрге дейін жеткен. Дер кезінде қабылданған шаралар өртті сөндіруге мүмкіндік берген. 9 техника, 40 адам жұмылды. Қазіргі таңда өрт сөндірілді", - делінген хабарламада.

Оқыс оқиғадан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Куәгерлер Tengrinews.kz редакциясына өрттің фотосын жіберді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети