Алматыда тауда жоғалған туристер құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тауда жоғалған туристер құтқарылды

Шымбұлақ тауында жедел құтқару жасағы жоғалған туристерді тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық құтқару қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымбұлақ тауында жедел құтқару жасағы жоғалған туристерді тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық құтқару қызметіне сілтеме жасап.

"109" қызметіне 23 шілдеде кешкі сағат 21.15-те хабар түскен. Хабарласқан адам диспетчерге Шымбұлақ шыңына "Малая кругосветка" бағыты бойынша көтерілген 4 адамның жоғалып кеткенін айтқан. Олар 2 топқа бөлініп, шыңға шығуды жоспарлаған. Алайда олар белгіленген уақытта кездеспеген. 

"Туристерді іздеуге жедел құтқару жасағы жіберілді. Құрамында 4 адам болды. Олар Шымбұлақ шыңына жаяу көтерілген. Құтқарушылар туристер жіберген теңіз деңгейінен 2900 метр биіктіктегі геолокациялық орынға жетіп, туристерді іздеуге кірісті", - дейді құтқару қызметі.

Туристер жартастағы шатқалдан табылған.

"Біз топты тексеріп, оларға медициналық көмек керек емес екенін білдік. Таудан аман-есен түскен соң жоғалған туристер ата-анасымен кездесті", - дейді құтқару қызметіндегілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети