Алматыда техникалық жөндеу орталығынан өрт шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Шығыс айналма жол маңында орналасқан техникалық жөндеу орталығынан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Шығыс айналма жол маңында орналасқан техникалық жөндеу орталығынан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматылықтар Шығыс айналма жолы мен Төле би көшесі қилысында қою түтін шығып жатқаны туралы Желіде талқылап жатыр. Өрттің видеосы kris.p.almaty.official тобында жарияланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Интернет-СМИ (@kris.p.almaty.official)

Алматы ТЖД мәліметінше, сағат 12.42-де өртсөндірушілер шақыру бойынша Медеу ауданындағы Т. Бигелдинов 131 мекенжайына барды. ТЖО "Техартсервис" ғимараты өртеніп жатқаны белгілі болды.

Сурет: Алматы ТЖД баспасөз қызметінен

Өрт сөндірушілер ғимаратқа оқпан енгізді, автоцистерналар гидранттарға орнатылды. ТЖО ішінде жоғары температура пайда болды. 13.37-ге қарай өрт ауыздықталып, 20 минуттан кейін сөндірілді.

Өрт орнында 16 техника және жеке құрамнан 62 адам жұмыс істеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.05  course down  595.85  course down  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети