Алматыда Республика алаңында орналасқан ғимаратта бомба бар деп хабарлаған ер адам анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыда Республика алаңында орналасқан ғимаратта бомба бар деп хабарлаған ер адам анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полициядағылардың мәліметінше, телеарна редакциясы мен тағы басқа БАҚ өкілдері орналасқан ғимараттан 600 адам эвакуацияланды. Сағат 12.45-те белгісіз біреу ғимаратта "бомба жатқаны" жайлы хабарлаған. Нысанды тексеру жұмыстары сағат 13.35-ке дейін жүргізілген. Іздестіру шараларына жеке құрамнан шамамен 30 адам қатысқан.
"Ер адамның аты-жөні анықталды. Ол осыған дейін қарақшылық шабуыл үшін сотты болған", - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Осы дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша ("Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау") сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Осы бапқа сәйкес, алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
© Куәгер жолдаған сурет