Алматыда тепловоз бен автобус соқтығысып қалды, зардап шеккендер бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматыда тепловоз бен жолаушылар автобусы жол-көлік оқиғасына ұшырады, зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тепловоз бен жолаушылар автобусы жол-көлік оқиғасына ұшырады, зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Әуезов көшесінде, Гоголь көшесіне жетпейтін жерде болған. Кейбір деректер бойынша, Әуезов көшесімен Гогольден төмен қарай көлік қозғалысы уақытша жабылған.

Апат салдары туралы бейнежазбалар әлеуметтік желілерде пайда болды.

Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімі мәліметінше, бұл жол-көлік оқиғасы бүгін Алматының Алмалы ауданында сағат 11:40-та болған.

"Жеке тасымалдаушыға тиесілі 88-маршруттағы автобус Әуезов көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Гоголь көшесінен солтүстікке қарай, теміржол жолымен батысқа қарай жүрген тепловозбен соқтығысқан", – делінген хабарламада.

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, алдын ала дерек бойынша, жол апаты салдарынан қоғамдық көліктің алты жолаушысы зардап шеккен. Оларға медициналық көмек көрсетілді.

Апаттың басқа мән-жайы анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети