ПОДЕЛИТЬСЯ
17 қаңтар 2019 | 19:02
Алматыда тікұшақтың құлауына тұман себеп болуы мүмкін - Маман
Бұрынғы ұшқыш Стальбек Әлімқұловтың ойынша Алматыда тікұшақтың құлауына таңнан бері тұрған қалың тұман себеп болуы мүмкін , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бұрынғы ұшқыш Стальбек Әлімқұловтың ойынша Алматыда тікұшақтың құлауына таңнан бері тұрған қалың тұман себеп болуы мүмкін , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлімқұловтың айтуынша, ол қайтыс болған ұшқыш Валентин Шитовпен таныс болған. Сұхбаттасушының ойынша, тікұшақтың қалың тұманға кіріп кеткен. "Қалың тұман түсті, көру мүмкіндігі 500-600 метр, барлығы да болуы мүмкін. Бәлкім ол кенеттен осы ыңғайсыз жағдайға тап болып, қайта бұрылмақшы болған шығар, әлде қалай...", - дейді сұхбаттасушы.
Оның айтуынша, тікұшақтар Боралдайдан ұшып шығады. "Шамамен тікұшақ 500-600 метр биіктікте ұшып бара жатқан, біз осы биіктікте Алматыны айналып өтеміз. Боралдайдан шығып, Алтын Орда арқылы Ақжарға қарай, одан ары қарай Үлкен Алматы өзеніне қарай. Онда ұшақ қонатын алаң бар, сол жерден жолаушылар мен жүк алып, ары қарай тапсырма бойынша ұшамыз. Менің ойымша ол осы бағытпен ұшқан", - деп болжады Әлімқұлов.
Сонымен қатар, ол техникалық ақау салдарынан тікұшақ құлауы мүмкін еместігін айтты. "Әрине, ол жайдан жай құлаған жоқ, ауа райы кедергі келтірген болар. 500-600 метр биіктікке дейін тұман түсті... Ол соған барып кіріп кеткен шығар. Жайдан жай құлаған жоқ ол. Тікұшақтың техникалық қалпы дұрыс болған. Еврокоптер - сенімді әрі жақсы көлік", - дейді ер адам.
Стальбек Әлімқұловтың айтуынша Шитовтың жасы 50-де болған.
"Мен оны жақсы танитынмын. Алып, әрі денсаулығы мықты, әзілкеш жігіт болатын. Бойы ұзын - бір метр сексен бес сантиметр шамасында болатын. Әрдайым жымиып жүретін. Ол өзінің жайсаң мінезімен адамдарды өзіне тарта білетін. Қазір өзімді жайсыз сезініп отырмын... ", - деп бөлісті Әлімқұлов
Оның айтуынша, Шитов тәжірибелі ұшқыш боғлан, Саратов жоғарғы әскери авиациялық ұшқыштар ущилищесін тәмамдап, Ю.А. Гагарин атындағы әскери-әуе академиясында білім алған.
"Атырауда МИ-8 ұшағымен бірінші рет ұшып бастаған, сосын әскери шекара қызметіне ауысты. "Еврокоптермен" ұшып жүргеніне біраз болды, шамамен 10 жыл", - деді сұхбаттасушы.
Алматыда шипажай аумағына тікұшақ құлады
Алматыда шипажай аумағына құлаған тікұшақта Валентин Шитов болғаны анықталды, ол жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды
"2019 жылдың 17 қаңтарында жергілікті уақыт бойынша сағат 15.59-да Sky-service әуекомпаниясына тиесілі "Еврокоптер-130" тікұшағы құлады. Ол Боралдай әуежайынан шығып Үлкен Алматы көліне ұшып бара жатқан кезде құлады. Бортта тек ұшқыш болған - Шитов Валентин Викторович, оны анықтаған кезде тірі болатын. Бірақ ауруханаға барар жолда жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды", - деп хабарлады комитеттегілер.
Показать комментарии
Читайте также