Алматы қаласы мен Алматы облысында кеше, 27 сәуірде кешкі уақытта басталған жаңбыр тұрғындарды әбігерге салды. Кей аудандар су астында қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қаласы мен Алматы облысында кеше, 27 сәуірде кешкі уақытта басталған жаңбыр тұрғындарды әбігерге салды. Кей аудандар су астында қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әл-Фараби даңғылында жерасты өткелдерінен су сорылып жатыр. Даңғылдың жоғарғы аудандарында тұрғын үй кешендерінің маңындағы өзен суы тасыған.
Жергілікті тұрғындар апатпен түні бойы алысқан. Наурызбай ауданында "Достық" коттедж қалашығын су алған. Болжамға қарағанда өзен суы бағыты өзгертіп, қалашыққа келген.
Куәгерлер жолдаған суреттер
Алматыда төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр. Су басқан көшелерде құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдар су сору жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оған 50 адам, 20 дана техника және 24 мотопомпа тартылған.
Абырой болғанда, ешкім қаза тапқан жоқ және зардап шекпеді.
ҚР ТЖК мәліметінше, 28 сәуірде сағат 00.15 жағдайында толастамай жауған жаңбырдан Алматыда су алудың 60 жағдайы тіркелген, олардың 11-і жеке тұрғын үйлер, 37-сі аула территорияларын су алу жағдайы және 9 жағдайы көшелерді су басу жағдайы, "Азия" базарының территориясындағы 3 нысанды су алған, Алатау ауданында саман үйді су алған, "Алматы оптика" дүкені (Алмалы ауданы) мен "Ботагөз" балабақшасының территорияларын су алған.