14 қыркүйек 2017 | 15:43

Алматыда тоңазытқыштан табылған екі баланың өлімі: Үшінші бала балалар үйіне берілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Территория происшествий" © "Территория происшествий"

Алматыда екі баласы тоңазытқыштан табылған Алла Волченконың далаға қалдырып кеткен үш жасар баласының ешқандай құжаттары жоқ болып шықты. Енді үш жасар бала балалар үйіне жіберілуі мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық Білім басқармасының қамқорлық және қорғаншылық бөлімінің басшысы Жанна Тахирова хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда екі баласы тоңазытқыштан табылған Алла Волченконың далаға қалдырып кеткен үш жасар баласының ешқандай құжаттары жоқ болып шықты. Енді үш жасар бала балалар үйіне жіберілуі мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық Білім басқармасының қамқорлық және қорғаншылық бөлімінің басшысы Жанна Тахирова хабарлады.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта мамандар баланың құжаттарын дайындап жатыр және оған туу туралы куәлік берілді ме, жоқ па - барлығын анықтауға тырысып жатыр.

"Қазір баланың ешқандай құжаты жоқ. Ол №2 қалалық балалар ауруханасында жатыр. Кейінірек бала 4 жасқа толғанша балалар үйіне жібереміз. 4 жасқа толғанда балалар үйіне жіберіміз", - деді Жанна Тахирова.

Оның айтуынша, баланың тіпті нақты қанша жаста екені белгісіз. Шамамен 2015 жылғы деп жазып жатыр. "Қазіргі уақытта кішкентай балалармен жұмыс істейтін психолог іздеп жатырмыз", - деді Қамқорлық және қорғаншылық бөлімінің басшысы.

Сондай-ақ, Тахирова тергеу шараларына байланысты уақытша баламен көрісуге болмайтынын айтып өтті. Білім басқармасының қызметкерлері де болмайды екен. Айтуынша, тергеу жұмыстары өткен соң қажетті шараларды қолдану жоспарланып отыр.

Еске салайық, екі баланың мәйіті Алматыдағы Түрксіб ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде 11 қыркүйекте табылған болатын. Осы күні олардың шешесі - 34 жастағы Алла Волченкоға іздеу жарияланды. Қазіргі уақытта әйел ұсталды. Сонымен бірге онымен бірге тұрып келген 29 жастағы өзбек азаматы ұсталған. Ол, полицейлердің мәліметінше, өз кінәсін мойындап отыр.

Кейінірек Алматы полициясы да тоңазытқыштан табылған балалардың өлімі бойынша істің мән-жайын айтып берген болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети