Алматыда төрт қабатты үйден өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыда төрт қабатты үйден өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға бүгін, 16 маусымда Алматының Абылайхан көшесіндегі төрт қабатты үйде болды. Өрттің шығуы туралы хабар өрт сөндіру қызметінің бөліміне сағат 11.36-да жеткен.
"Төрт қабатты үйден 50 адам құтқарылды, арасында 15 бала бар. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің 1-ші бөлімі келген сәтте төрт қабатты үйдің үшінші және төртінші қабаттары өртеніп жатқанын байқаған. Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері бірден сол үйдің жанында тұрған үй арқылы өрт болып жатқан үйден адамдарды құтқарып, көрші үйге көшіруге кірісті", - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, өрт 11.50-де тоқтатылды. Өрт 3 шаршы метр жерді қамтыған. Өртті сөндіруге Алматы ТЖД-ның 17 қызметкері, 4 жалпы және 2 арнайы техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі әлі анықталып жатыр. Жарақат алған адамдар жоқ.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда көпқабатты үйдің шатыры өртенген еді. Оқиға 1 мамырда болды. Тұрғын үй Жароков көшесінің бойында, Құрманғазы мен Шевченко көшелерінің арасында орналасқан. Оқиға орнына барлық шұғыл қызметтің күші жұмылдырылды. Тілсіз жау 50 шаршы метр жерді шарпыды. Бес қабатты үйдің тұрғындары эвакуацияланды.