1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Алматыда Toyota Camry автомобилі жол талғамайтын көлікті аударып тастады05 қараша 2016, 00:21

© "Территория происшествий" бағдарламасы © "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда Toyota Camry автомобилі жол талғамайтын көлікті аударып тастады, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол апаты Алатау ауданында, Абай мен Жаңа жол көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша Mitsubishi Delica көлігі Абай көшесімен солтүстік бағытта кетіп бара жатқан, ал Gelendewagen маркалы автомобилі қарсы бағытта, яғни оңтүстікке қарай бет алған. Осы мезетте Жаңа жол көшесімен Toyota Camry көлігі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетпек болып, Mitsubishi Delica көлігін соғып, артынша Gelendewagen жол талғамайтын көлігін соққан. Жол-көлік оқиғасынан үш адам зардап шеккен, оның ішінде екеуі Mitsubishi Delica көлігінде болған кәмелет жасына толмаған балалар және Gelendewagen көлігінде отырған бір жолаушы. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген.


©  "Территория происшествий" бағдарламасы