Алматыда Toyota Camry-дің батыл жүргізушісі іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматыда Toyota Camry жүргізушісі қыздың артынан еріп, жаяу жүргіншілер жолағына шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео әлеуметтік желілерде пайда болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Toyota Camry жүргізушісі қыздың артынан еріп, жаяу жүргіншілер жолағына шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео әлеуметтік желілерде пайда болды.

"Бүгін Алатау даңғылында қыздың артынан "камри" еріп жүрді, ол қыздан не қалағаны белгісіз, жұмбақ... Қыз да ештеңе болмағандай жаяу жүргіншілер жолымен жүре берді... Жаяу жүргіншілер жолағына шыққаны үшін айыппұл сала ма, қалай ойлайсыңдар?" - делінген видео сипаттамында.

Пікір білдірген қолданушылар көлікті қыздың жігіті немесе күйеуі жүргізіп келе жатқан болуы мүмкін деп болжаған, өйткені қыз сабырмен жауап беріп, көмекке ешкімді шақырмаған.

Алайда мұндай қылық жүргізушіге қымбатқа түсуі мүмкін. Қазірдің өзінде полиция оны іздеп жатыр.

"Аталған факт бойынша Наурызбай ауданының полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Құқық бұзушы міндетті түрде ұсталып, жауапқа тартылады. Алматы полициясы жазаның бұлтартпастығы қағидаты туралы еске салады", - деп түсіндірді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети