13 қазан 2015 | 20:13

Алматыда трамвай бірнеше көлікпен соқтығысып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгер жолдаған сурет Куәгер жолдаған сурет

Алматыда рельстен шығып кеткен трамвай үш автокөлікпен соқтығысып қалды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда рельстен шығып кеткен трамвай үш автокөлікпен соқтығысып қалды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. 

Жол-көлік оқиғасы кешкі уақытта Мақатаев пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында болды. Трамвайдың Мақатаевтың бойымен қозғалып келе жатып, белгісіз себептермен Байтұрсынов көшесінің бойында бағдаршамның қызыл түсіне тоқтап тұрған жеңіл көлікпен соғысқан. Бұдан кейін қоғамдық көлік жол талғамайтын көлікпен және тағы бір жеңіл көлікпен соғысқан. Жол-көлік оқиғасы болған жер толықтай жабылып қалды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Куәгердің айтуынша, жол апаты трамвайдың істен шығуынан болған. "Жұмыстан шығып келе жатып, бір соққының даусын естідім. Трамвай тұр, терезелері сынған, жолаушылар шығып жатыр. Содан кейін жолаушылардан не болғанын сұрастырдық. Трамвайдың сынып қалғаны айтылды, жолаушылар шықты, жүргізуші шықты, кейін оны итергіміз келген, сосын ол өздігінен жүріп кетті. Сейфуллиннің бойында бірнеше көлікті соққан, содан кейін Мақатаев - Байтұрсыновта тағы соғысқан", - деді куәгер.


© Владимир есімді куәгер жолдаған сурет


© "Территории происшествий"

Еске сала кетейік, тағы бір трамвайдың қатысуымен жол-көлік оқиғасы Алматыда 2015 жылдың 21 қыркүйегінде болған еді. Көп ұзамай оқиғаның видеосы да жария болды. Жүргізушісіз қалған трамвай өздігінен жүріп кетіп, 17 автокөлікті соқты. Салдарынан 5 адам жарақат алды. Таяуда олардың жағдайы жайлы дәрігерлер мәлімет берген еді. Куәгерлердің айтуынша, трамвайдың тізгінде ешкім болмаған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети