Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Алматыда трамвай жолымен жүрген автобус жүргізушісіне айыппұл салынды

09 Қыркүйек 2015, 18:13
0
© Youtube
© Youtube

Алматыда кептеліс кезінде трамвай жолымен жүрген автобустың жүргізушісіне айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап. 

Видео 4 тамызда Төле би көшесінің бойында түсірілген. Ролик авторы видеоны Интернетке жүктей отырып, былай деп пікір қалдырды: "Алматыда 65-ші жаңа трамвай пайда болды". Видеодан трамвайға арналған жолмен кетіп бара жатқан автобусты көруге болады. 

© instavideo_kaz/Instagram

Полиция видеоны тексеріп, ереже бұзған жүргізушінің аты-жөнін анықтады. Ол №65 автобустың жүргізушісі, 1987 жылғы ер адам болып шықты. Жүргізуші "Авто Алма Транс" ЖШС-да жұмыс істейді. Ол өз кінәсін толықтай мойындады. Жүргізушіге "Жолдың адамдар жүретін жағына, қарсы бағытқа  шығып кету немесе басып озу ережелерін бұзу" бойынша 29 730 теңге көлемінде айыппұл салынды. 

Бұған дейін Павлодарда оқушыны қағып кете жаздаған автобус жүргізушісі айыппұлмен құтылған болатын. Полицейлердің айтуынша, оқиға болған кезде облыстағы ірі кәсіпорындардың біріне тиесілі автобусты 36 жастағы павлодарлық басқарған. "Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл үшін оған 10 АЕК көлемінде айыппұл салу түрінде жаза тағайындалды, ол - 19 820 теңге", - деді баспасөз қызметіндегілер.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай