Алматыда болған жол-көлік оқиғасының куәгері трамвайдың автокөліктерді қалай соққанын камераға түсіріп алды, - деп хабарлайды TengrinewsTV.
Алматыда болған жол-көлік оқиғасының куәгері трамвайдың автокөліктерді қалай соққанын камераға түсіріп алды, - деп хабарлайды TengrinewsTV.
Жүргізуші Шевченко көшесінің бойымен кетіп бара жатқан трамвайды ол көліктерге соғылғанға дейін бірнеше минут бұрын көріпті. Ол ұялы телефонының камерасын қосып, трамвайдың артынан Байтұрсынов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысына дейін жүріп барған, сонымен қатар, ол қоғамдық көліктің иесіз екенін айтып, жолдағыларға дабыл қағыпты. Шевченко мен Масанчи көшелерінің қиылысында трамвай бірінші көлікті соқты, сөйтіп Байтұрсынов көшесіне бұрылды. Келесі қиылыста ол 14 көлікті талқандады. Куәгердің айтуына қарағанда, трамвайдың рулінде ешкім болмаған.
Сонымен қатар, жол апатынан бүлінген көліктердің саны 17-ге жетті. СТВ телеарнасының "Территория происшествий" бағдарламасының мәліметінше, трамвай Шевченко көшесімен жүріп бара жатып Масанчи көшесінен бұрылып бара жатқан Mazda автокөлігін соққан. Осыдан кейін трамвай Toyota Rav 4 автокөлігінің сол жақ терезесін шақты. Сонымен қатар, Байтұрсынов көшесіне бұрылып бара жатып Forland жүк көлігімен соқтығысты.
©"Территория происшествий"
Бұған дейін трамвайды жүргізетін әйелдің зардап шегіп, ауруханаға жатқызылғаны хабарланған болатын. Полиция өкілдерінің айтуынша, жүргізуші келіншек стажер емес, керісінше, тәжірибелі жұмысшы екен. Оның қандай жағдайда жарақат алғаны нақтыланбай отыр. Сонымен қатар, ІІД өкілдері жол апатынан зардап шеккендердің көбейгенін хабарлады. Көлік апатының дерегіне байланысты соталды тергеу жүріп жатыр.
Осыған дейін куәгерлер Алматыда болған жол-көлік оқиғасы туралы Tengrinews.kz тілшісіне айтып берген болатын. Олардың айтуынша, бірнеше автомобильді соққан трамвайдың жүргізушісі болмаған. Колледж студенті Самал Жұмаханованың айтуынша, №4 трамвай Байтұрсынов пен Шевченко көшелерінің бойында тоқтап, жолаушыларды түсірген. Кейін жүргізуші шығып, көлікті жөндей бастаған. Қыздың айтуынша, бұл уақытта трамвай Байтұрсынов көшесінің бойымен өздігінен жүріп кетіп, жолдың жиегінде тұрған оннан астам көлікті соғыпты.