23 тамыз 2021 18:18

Алматыда троллейбус жерасты өткеліне соғылды: оқиғаның мән-жайы анықталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: facebook/Ольга Бражникова Фото: facebook/Ольга Бражникова

Алматыда жерасты өткеліне соғылған троллейбусқа қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда жерасты өткеліне соғылған троллейбусқа қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мәліметінше, оқиға орнынан жеті адам емес, төрт адам №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.

"Тексеруден кейін олардың үшеуі бекітілген жердегі емханаға амбулаторлық емделуге жіберілді. Жараланғандардың бірі мамандандырылған бөлімге жатқызылды", - деді Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіндегілер.

Бұл арада әлеуметтік желілерде жол апатына себепші болған тәжірибеден өтіп жүрген жүргізуші екені туралы ақпарат тарады. Бұл туралы жол апатынан зардап шеккен әйелдің жұбайы Владимир Шацких Facebook-парақшасында жазды. Сонымен қатар, ол жедел жәрдем қызметі мен №4 қалалық клиникалық аурухана жұмысына шағымданды.

"Алматыэлектротранс" жүргізушінің жұмыс тәжірибесі жоқ деген ақпаратты жоққа шығарып, 1959 жылғы жүргізушінің жұмыс тәжірибесі мол екенін мәлімдеді. Бірақ ол бұрын жұмыстан шығып, қайта орналасқандықтан стажер статусын алған. Жол апатынан ер адам зардап шеккен жоқ. Ұйым басқа мәселелер бойынша әлі пікір білдірмеді, себебі бұл іс бойынша тергеу жүргізіліп, қылмыстық іс қозғалған.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда троллейбус жерасты өткеліне соғылып, жеті адам зардап шеккені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.66   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети