18 ақпан 2022 | 10:00

Алматыда тіс дәрігеріне барғаннан кейін 55 жастағы ер адам қайтыс болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: elements.envato.com Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Алматыда тіс дәрігеріне барғаннан кейін 55 жастағы ер адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда тіс дәрігеріне барғаннан кейін 55 жастағы ер адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға 9 ақпанда болған. Оның егжей-тегжейі Instagram желісіндегі zhaloby.almaty-парақшасында жарияланды. Жазба авторының айтуынша, ер адамның екі тісін жұлып, имплант орнату керек болған. Алайда марқұмның туыстарының айтуынша, отадан кейін ер адамда анафилактикалық шок болған.

"Емхана дәрігерлері оған алғашқы көмек көрсетпей жатып шай ішуді ұсынған. Адамды аман алып қалуға болатын құнды уақытты жіберіп алды. Ол ауырып қалғанда емхана қызметкерлері тіпті туыстарына телефон соқпаған. Ауруханаға жеткізу кезінде жедел жәрдемде ешкім еріп жүрмеген, тамыр соғысы тоқтап, тыныс алмай қалған. Ол 55 жаста, дені сау, көңілді адам еді.

Хирургпен, бас дәрігермен және емхананың негізін қалаушымен сөйлескен кезде олар хаттамаларды орындамайтыны белгілі болды: олар ота жасауға келісім алып, науқастарға талдау жасамайды, операция алдында кардиограмма жасап, анестетиктерге тест алмайды. Барлық келісім тек сөз жүзінде. Емхана қызметкерлері қабілетсіз, олардың салғырттығынан әкем қайтыс болды. Қолдау сұраймын, мұндай ақ халатты абзал жандар жазасыз қалмауы керек. Әкемнің орнында кез келген адам болуы мүмкін еді", - делінген жазба мәтінінде.

Ер адам Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Медициналық ұйымның баспасөз қызметі мәліметінше, түскен кезде науқас клиникалық өлім жағдайында болған.

"Науқас орталық қалалық клиникалық аурухананың жедел жәрдем бөліміне клиникалық өлім жағдайында анафилактикалық шок диагнозымен жеткізілді. Пульс жоқ, жүрек соғысы естілмеді. 30 минутқа реанимация жүргізілді, бірақ, өкінішке қарай, әсері болмады. Жүрек жұмысын қалпына келтіру мүмкін болмады", - деді Орталық қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети