Алматыда түнде әйелдерді тонаумен айналысқан күдікті ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда түнде әйелдерді тонаумен айналысқан күдікті ұсталды Фото:polisia.kz

Алматы полициясы тұрғындарды тонаумен айналысқан күдіктіні қолға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы тұрғындарды тонаумен айналысқан күдіктіні қолға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Криминалдық полиция басқармасы мәліметінше, ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікке ілінген 46 жастағы О. есімді азаматқа қатысты екі тонау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Күдікті заңсыз баю мақсатында түнде кеш қайтып келе жатқан әйелдерді аңдып, олардың мойындағы алтын бұйымдарын жұлып алған. Тергеу барысында, кешкі уақытта қаладағы аудандардың бірінде болған күдікті өтіп бара жатқан адамның мойнындағы алқаны жұлып алып, жәбірленушіге 150 мың теңге көлемінде шығын келтіргені белгілі болды. Айғақты заттар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды. Айтпақшы, ер адам бұған дейін де осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталған", - делінген хабарламада.

Қазір тергеушілер күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтап, айғақтарды әзірлеп жатыр. ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети