Алматыда түнде ірі жол апаты болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда түнде ірі жол апаты болды Куәгерден

Алматыдағы Сайын көшесінде ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Сайын көшесінде ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға сәті түсірілген видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Кадрларда Lexus маркалы көлік автобетонасостың астына кіріп кеткені анық көрінеді.

Куәгерлердің айтуынша, көлікті кәмелетке толмаған жасөспірім жүргізген болуы мүмкін, ал жанында достары отырған. Видеодан жеңіл көліктің алдыңғы бөлігі толық бүлінгені байқалады.

Алматы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының жедел басқару орталығы апаттың салдарынан Lexus көлігіндегі үш адамның зардап шеккенін хабарлады.

"Бұл жол-көлік оқиғасы кеше сағат 21:40 шамасында Алматының Алатау ауданында болды. Lexus маркалы көліктің жүргізушісі Саин даңғылы бойымен солтүстік бағытта келе жатып, арақашықтықты сақтамағандықтан, бұрылыс жасап жатқан Mercedes маркалы автобетонасоспен соқтығысқан. Апат салдарынан Lexus жүргізушісі мен екі жолаушысы түрлі дене жарақатын алды", – деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Алатау аудандық полиция басқармасы жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети