Алматыда тұрғын үй кешені ауласында "ГАЗель" өртенді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тұрғын үй кешені ауласында "ГАЗель" өртенді

Алматыда тұрғын үй кешенінің ауласында "ГАЗель" өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тұрғын үй кешенінің ауласында "ГАЗель" өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Бостандық ауданында Володарский көшесінің бойындағы Forum тұрғын үй кешенінде болған.

"31 қаңтарда сағат 12:45-те Бостандық ауданы, Володарский көшесі, 33-үйдің маңына өрт сөндіру бөлімшелері жіберілді. Сағат 12:54-те келген кезде "ГАЗель" автокөлігі ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды", - деді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.

Қолданылған шаралардың арқасында өрт сөндірілді. Өрт аумағы 3 шаршы метр болды. Өрт өртсөндірушілер келгеннен кейін 6 минуттан соң сөндірілген.

Фото Tengrinews.kz

"Мұндай кезде оқиға куәгерлеріне уақыт жоғалтудың қажеті жоқ, "101" кезекші бөліміне хабарлау, қауіпсіз қашықтыққа бару қажет екенін еске саламыз. Оқиға орнына жақын жерде камераға түсіру өмірге қауіп төндіруі мүмкін", - деді Алматы қалалық ТЖД өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети