Алматыда Түркия консулдығының маңында ер адам өз-өзін өртеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап. Ол Түркияның 44 жастағы азаматы болып шықты.
Алматыда Түркия консулдығының маңында ер адам өз-өзін өртеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап. Ол Түркияның 44 жастағы азаматы болып шықты.
Полиция өкілдерінің мәліметінше, құқық қорғау органдарының қызметкерлері өртті сөндіруге тырысқан. Күйік шалған ер адам ауруханаға жеткізілді.
"Түркия азаматы Түркияның консулдығын келді. Ол консулдықтың күзетшісімен жанжалдасты. Кейін келуші наразылық білдіріп, үстіне белгісіз сұйықтық шашып, өзін от қойды. Оған мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкері келіп, жерге құлатып, өшіре бастады. Шұғыл түрде жедел жәрдем шақырылды", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД өкілдері.
Қалалық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамның денесінің 18 пайызын күйік шалған. Ол Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілген.
"Оқиға орнына Медеу ауданының жедел тобы жөнелтілді. Олар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", - деп хабарлады ІІД өкілдері.
Ал кейінірек хирург Нұржан Исабеков Түркия азаматының денсаулық жағдайы жайлы айтып берді. "Бетін, басын, мойнын, кеудесін, қолдарын күйік шалған. Әдеттегі күйік шалған жағдайда көрсетілетін ем тағайындалды", - деп хабарлады дәрігер.