Алматыда үйінді астында қалып, қаза тапқан үш адамның өліміне қатысты тергеу басталды

25 Қараша 2015, 10:55
0
Алматыда үйінді астында қалып, қаза тапқан үш адамның өліміне қатысты тергеу басталды - © Алматы ТЖД
© Алматы ТЖД

Алматы полицейлері үйінді астында қалып қайтыс болған үш адамның өліміне қатысты қайғылы оқиғаны тергеуге кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.

"Бұл деректі Әуезов аудандық ІІБ тергеу тобы тіркеді. Сот-медициналық сараптамалары тағайындалды. Осыдан кейін процессуалдық шешім қабылданады. Дерек оқыс оқиға ретінде тіркелді", - деді Әзірбек. Оның айтуынша, егер оқиғаға қатысты жаңа деректер анықталса, сотқа дейінгі тергеудің кез келген кезеңінде іс қайта квалификацияланады.

Еске сала кетейік, 24 қарашада сағат 16.43-те "112" пультіне Әуезов ауданындағы Сәдуақасов көшесінің бойында №2 үйдің маңында адамдардың топырақ үйіндісінің астында қалып қойғаны жайлы хабар жетті. Үйіндінің астынан үш мәйіт табылды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай