Алматыда "Юбилейный" супермаркеті өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ТЖ жөніндегі Комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.
Алматыда "Юбилейный" супермаркеті өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ТЖ жөніндегі Комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.
Төтенше жағдай туралы хабар кезекші пултіне 04.37-де түскен. Өрт Абылай хан 74 мекен-жайындағы супермаркетке қоса салынған кафеден шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша, 05.23-те газ баллонының жарылғаны хабарланып отыр. Кафеден 9 адам құтқарылып, 56 адам қауіпсіз жерге жеткізілді, олардың алтауы - балалар.
"Тілсіз жау 05.52-де тоқтатылып, 06.36-да ауыздықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, 800 шаршы метрді жалын шарпыған", - деп хабарлады Иманқұлов.
© "Территория происшествий" бағдарламасының суреттері
© Анастасия Зверягина/ vk.com