Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен екі ер адам өлі табылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен екі ер адам өлі табылды © instagram/volontery_almaty_lider.kz

Алматыда жоғалып кеткен екі жігіт өлі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жоғалып кеткен екі жігіт өлі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1983 жылы туған Арғымбеков Жарқын Құралбайұлы 28 қыркүйекте жоғалып кеткен. Күндізгі сағат 11 шамасында ер адам ақ түсті Mitsubishi L200 көлігімен Еңбекшіқазақ ауданы Ащыбұлақ ауылынан шығып кеткен. Осыдан кейін оны ешкім көрмеген. 1 қазанда жоғалған ер адамның қайтыс болғаны белгілі болды. Оның өлімінің мән-жайы айтылмады.

1992 жылы туған Териянов Равиль Мирзалимович 29 тамызда жоғалып кеткен. Сағат 18:00 шамасында Айнабұлақ-2 ықшамауданындағы үйінен шығып кетіп, хабарсыз кеткен. Іздеу жұмыстары тура бір айға созылды. 29 қыркүйекте Еңбекшіқазақ ауданындағы ауылдардың бірінің шетінен полиция қызметкерлері зорлық-зомбылықпен өлген із-түзсіз жоғалған адамның денесін тапты. Қылмысқа күдіктілер анықталып, қамауға алынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети