20 желтоқсан 2017 15:54

Алматыда зағип әйелдің үстіне бағана құлап, омыртқасын сындырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©: facebook.com/dina.narbayeva ©: facebook.com/dina.narbayeva

Алматыда зағип әйелдің үстіне жарық бағанасы құлады. Бұл туралы оның қызы Дина Нарбаева әлеуметтік желі арқылы мәлімдеп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда зағип әйелдің үстіне жарық бағанасы құлады. Бұл туралы оның қызы Дина Нарбаева әлеуметтік желі арқылы мәлімдеп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның сөзінше, оқиға Төле би мен Байзақов көшелерінің қиылысындағы сауда орталығының көлік тұрағында болған. Қыздың айтуынша, оның анасы зағиптық бойыншы бірінші топтағы мүгедек. 

"Ауыр халде шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізіп, МРТ-ға түсірген. Кеудесінен соққы алған, бас сүйегінің жарақаты мен омыртқасының компрессиялық сынығы (7 омыртқасы) бар. Омыртқаға операция қажет", - деп жазыпты қыз. 


© Днна Нарбаева

"Interfood" компаниясының Жылжымайтын мүлікпен жұмыс департаментінің директоры Майра Әбішева әйелдің еміне жұмсалатын шығынды ұйым өтейтінін айтады. 

"Әйел адам қыз баламен келе жатқан. Қыз бағананы тепкен. Бағана қисайып, қарсы келе жатқан әйелді жанап өтеді. 17 жыл бұрын орнатылған, құлаған жоқ, қисайып қалды. Барлық қызметкерді шақырттық, жауаптыларды жазаладық. Басқа бағаналарды тексеріп, бекіттік. Ал қисайған бағананы түзеп, мықтырақ орнаттық", - деп түсіндірді Әбішева.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети