Алматыда зорланды деген 7 жастағы оқушының анасы мәлімдеме жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Алматы мектептерінің бірінде 7 жастағы оқушының зорлануына қатысты баланың анасы күтпеген мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы мектептерінің бірінде 7 жастағы оқушының зорлануына қатысты баланың анасы күтпеген мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен - бірінші сыныпқа барған бойда бір аптадан кейін Алматыдағы халықаралық мектепте зорлық көрген баланың анасымын. Бір айдан аса уақыт өтті, қылмыскер әлі табылған жоқ. Психологтар баламның жағдайына қатысты психиатрларға жүгінуді ұсынып жатыр.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке, бас прокурор Берік Асыловқа өтініш білдіремін, мен мемлекеттік органдарға жазған сауалыма әлі жауап ала алмағандықтан, бұл өтінішті сізге жолдауға мәжбүрмін", - деді әйел видеода.

Әйел қылмыстық іс бойынша жүргізілген сараптама қорытындысымен таныс екенін айтты.

"Баламның денесіндегі жаралар, тыртықтар. Бұл жаралар құрт пен іш қатудан болған зақым деп түсіндіріледі. Баламның шалбарын да құрт жыртып тастаған болып тұр ғой. Мен қарапайым қазақстандықпын, жоғарғы жақтан таныстарым жоқ. Шынында да әділ тергеу болмай ма?" - деді баланың анасы.

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі өкілдері бұл дерек бойынша қылмыстық істі тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 121-бабы, 3-1-бөлігі бойынша тергеп жатқанын хабарлады.

"Комиссиялық сот-медициналық сараптама жүргізілді. Оның қорытындысы алынды. Сонымен қатар, істің объектив мән-жайларын анықтау мақсатында тергеу қосымша сараптамалық зерттеу тағайындады. Примушко ұлына сараптама жасағысы келмеуіне байланысты жүргізу мүмкін болмады. Соталды тергеу ІІМ мен ПД басшылығының бақылауында", - деп қорытындылады полиция өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro