Алматы қаласындағы № 1 балалар үйінің басшысы Гүлмаржан Шонаева қызметінен уақытша босатылды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.
Алматы қаласындағы № 1 балалар үйінің басшысы Гүлмаржан Шонаева қызметінен уақытша босатылды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.
Жаңа орынға № 6 интернаттың директоры Аида Барашева есімді азаматша тағайындалды. Тәрбиеленушіге қатысты шулы оқиға болғаннан кейін әкімшілік тарапынан басшыны уақытша ауыстыру жайлы шешім қабылданды.
"Осы қаламызға елге белгілі қоғамдық ұйымдар тарапынан әртүрлі сұраулар сұранды, мәселе көтерілді. Қала басшылығының басты мүддесі - балалардың құқығын қорғау", - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев.
Еске салайық, осыған дейін ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев вице-министр Есанғазы Иманғалиевке Алматыдағы №1 балалар үйіндегі тәрбиеленушінің жағдайын шешіп беруді тапсырған болатын. Алматыдағы №1 балалар үйінің 12 жастағы тәрбиеленушісі 2015 жылдың жазында зорланғанын мәлімдеген болатын. Бұл туралы білген адамдар қала прокуратурасына хабар берген. Іс Алматы қалалық ІІД-не берілді, тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта бала асырап алған ата-анасымен бірге тұрып жатыр.
Кейін Алматы қалалық Білім басқармасының өкілдері №1 балалар үйінің тәрбиеленушісінің зорланғанын мәлімдеуіне қатысты түсінік берген болатын.