02 тамыз 2017 14:35

Алматыдағы адамшошырлық жол апаты: Көз жұмған адам жол жөндеуші болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© patrul.kz © patrul.kz

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған жол апатынан қаза тапқан ер адам "Алматы тазалық" компаниясында жол жөндеуші болып жұмыс істеген. Бұл туралы коммуналдық кәсіпорынның Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында айтылады.


Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған жол апатынан қаза тапқан ер адам "Алматы тазалық" компаниясында жол жөндеуші болып жұмыс істеген. Бұл туралы коммуналдық кәсіпорынның Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында айтылады.

"1969 жылғы ер адам "Алматы тазалық" коммуналдық кәсіпорнында 2016 жылдың 1 қарашасынан бастап жол жөндеуші болып жұмыс істеген. Әл-Фараби даңғылында Сейфуллин даңғылынан бастап Попов көшесіне дейін тазалық жұмыстарын жүргізген. Күндізгі уақытта жұмыс істеген. Қайғылы оқиға болған кезде ол жұмыс істеп жүрмеген, оның жұмыс уақыты сағат 17.00-де аяқталған. Қызметі барысында оның үстінен ешқандай шағым түспеген", - делінген компанияның жауабында.

Сондай-ақ, "Алматы тазалық" өкілдері арнайы киімдерге талап қойылғандықтан, жұмысшылардың сигналды киімдері бар екенін айтып өтті.

Еске сала кетейік, жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы 30 шілдеде түнгі сағат 02.20-да әл-Фараби даңғылында болды. 1998 жылғы жігіт Mercedes S-класс көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кеткен еді. Салдарынан ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Patrul.kz мәліметінше, жүргізуші сол кезде оқиға орнынан жасырынған. Бірақ біраз уақыттан кейін ол ұсталды. Айта кетейік, қаза болған ер адамның артында екі баласы мен әйелі қалды. Ағасының айтуынша, жүргізушінің туыстары оның отбасынан кешірім сұрады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети