Алматыдағы Солтүстік айналма жолдағы "Адем" сауда үйінің маңында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Алматыдағы Солтүстік айналма жолдағы "Адем" сауда үйінің маңында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Жол-көлік оқиғасының 15 қазанда болғаны айтылады. Volkwagen Passat автомобилі солтүстік бағытта жүріп бара жатқан. Сол уақытта жаяу жүргінші жерасты өткелінен 20 метр жерде рұқсат етілмеген жолдан өтпек болыпты. Соққыдан ер адамның басына зақым келіп, оқиға орнында қаза тапты.
© "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі
Еске салайық, осыған дейін Алматыда жүк көлігінің қолында сәбиі бар келіншекті қағып кеткені хабарланған болатын. Сонымен қатар, жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды. Қазіргі таңда құқық қорғау органдарының қызметкерлері ҚР ҚК 345-бабы "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет" бойынша тергеу жүргізіп жатыр.