Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында ірі жол апаты болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

instagram.com/kris_p_almata

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жүк көлігі бірнеше көлікпен соқтығысты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жүк көлігі бірнеше көлікпен соқтығысты.

Оқиға орнынан түсірілген видео Instagram-парақшаларда пайда болды.

"Әл-Фараби даңғылы бойындағы ірі жол апаты салдарынан жол қозғалысы тоқтатылды, оның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген видеоның сипаттамасында.

Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігіне бордюрлар тиелген. Оның тежегіші істен шығып, ол қарсы жолаққа шығып кеткен.

Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Алматы полиция қызметкерлері жол апатына қатысты пікір білдірді.

"21 тамызда сағат 15:05-де Mercedes автокөлігінің жүргізушісі Жамақаев көшесі бойымен солтүстік бағытта келе жатып, әл-Фараби даңғылының қиылысында бөлгіш қоршауға соғылып, тура жүріп кетіп, даңғылдың бойымен батысқа қарай келе жатқан үш көлікпен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети