05 қазан 2021 17:48

Алматыдағы "Асыл Арман" тұрғын үй кешені электр энергиясынан ажыратылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы маңындағы 20 мыңнан астам адам тұратын "Асыл Арман" тұрғын үйі бірнеше сағат бойы жарықсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы маңындағы 20 мыңнан астам адам тұратын "Асыл Арман" тұрғын үйі бірнеше сағат бойы жарықсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Электр жарығы 5-қазан күні таңертең өшірілген.

Қарасай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі электр энергиясының үзілуі электр желілеріндегі апат салдарынан болғанын айтып, электр энергиясының кешке дейін қалпына келтірілетініне сендірді.

Бірақ кейін тұрғындар электр энергиясы "Алматы Энергосбытқа" үлкен мөлшердегі қарызға байланысты өшірілгенін білген. "Алматы Энергосбыт" агенттігінің хабарлауынша, "Асыл Арманды" электрмен жабдықтау келісімшарты "Beyazh Trans" ЖШС-мен жасалған, 1-қазандағы жағдай бойынша дебиторлық берешек 82 миллионнан астам теңгеге жеткен. Қарыздың бүгінге дейінгі мерзімі - үш ай.

"Асыл Арман" тұрғын үй кешені 54 380 499,87 теңге "мерзімі өткен дебиторлық берешек үшін" ажыратылды. 29 422 467,87 теңге көлемінде хабарлама бойынша қарыз сомасы төленгеннен кейін электр энергиясы қайта қосылады", - деп хабарлайды "Алматы Энергосбыт".

Сондай-ақ, Энергосбыт электр энергиясының үзілгенін "Beyazh Trans"-ке дереу хабарлағанын атап өтті.

Тұрғын үй бірнеше сағат бойы жарықсыз қалды. Сол күні сағат 15.30-да электр энергиясы қалпына келтірілді. Алайда Алматы маңындағы ең ірі "Асыл Арман" тұрғын үй кешені тұрғындары қарызға байланысты бұл жағдай қайталануы мүмкін деп қорқады. Олар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Премьер-Министр Асқар Маминге және Алматы облысының әкімі Амандық Баталовқа жүгінді.

"Біз, "Асыл Арман" тұрғын үй кешені тұрғындары, Қарасай ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына болған  жағдайға байланысты ашулымыз. 2021 жыл 18 маусымдағы ҚР №17 хаттамасына сай Премьер-Министр Асқар Мамин облыс әкімдеріне алдағы мезгілге барлық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің дайындығын қамтамасыз ету (2.6-тармақ), электр жеткізуші ұйымдардың жеткізушілер алдындағы қарыздарын жабу және қарыздың өсуіне жол бермеу бойынша жұмысты ұйымдастыруды тапсырды (2.5-тармақ). 20 мыңнан астам тұрғын жарықсыз қалып, бұл таза су, кәріз сорғы жүйесіне әсер етті, тұрғындар тіпті сусыз қалды.

Тұрғын үй кешеніндегі электр энергиясын жеткізуші - "Бей Аш Транс" ЖШС жеке компаниясы. Бұл ұйымның "АлматыЭнергосбыт" ЖШС-ге мерзімі өткен дебиторлық берешегі бары белгілі болды, нәтижесінде барлық кешеннің электр энергиясын өшіру туралы шешім қабылданды. Дәл осындай жайт "Алтын ауыл" тұрғын үй кешенінде де (Қаскелең қаласында) болды.

Бұл жағдайды ескеріп, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтан осы мәселенің алдын алуды, мемлекеттік меншікке өткізуді сұраймыз", - делінген "Асыл Арман" тұрғын үй кешені тұрғындарының үндеуінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети