02 желтоқсан 2022 | 17:56

Алматыдағы автобус апаты: бағдаршам таймері алынып, тексеріліп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматыда автобус апаты болып, салдарынан адам қаза тапқан қиылыстағы бағдаршам таймері тексеріліп жатыр. Бұл туралы Қалалық мобилділік басқармасы мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда автобус апаты болып, салдарынан адам қаза тапқан қиылыстағы бағдаршам таймері тексеріліп жатыр. Бұл туралы Қалалық мобилділік басқармасы мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Абылай хан даңғылы мен Төле би көшесі қиылысындағы бағдаршам жұмысын Мамандандырылған монтаждау-пайдалану басқармасының қызметкерлері тексерген. Олар адам өліміне әкелген апат болған күні бағдаршам құрылғыларының ақауы тіркелмегенін мәлімдеді.

"Баспасөз беттерінде бағдаршамның жұмысы туралы ақпараттың пайда болуына байланысты бағдаршамдарға қызмет көрсететін мамандар оқиға орнында тексеру жүргізді, ол ақауларды растамады. Тексеру барысында бағдаршам қондырғысы, барлық техника қалыпты жұмыс істеп тұрды.

Баспасөзде табло жұмысындағы ақаулар туралы бірнеше рет ақпарат пайда болғаннан кейін, барлық таблоларды қиылыстан бөлшектеп, сынақ стендіндегі жөндеу зертханасында сынау туралы шешім қабылданды. Үш жұмыс күнінің ішінде тестілеу ешқандай ақауларды анықтаған жоқ. Қазіргі уақытта тестілеу жұмыстары жалғасып жатыр, нәтижелері кейінірек белгілі болады", - деп сендірді ведомство өкілдері.

Реклама
Реклама

Еске салайық, жол апаты Төле би көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында болған. Апат салдарынан бір адам қаза тауып, 19 адам ауруханаға жеткізілген. Кейін оқиғаның видеосы пайда болды.

Алматыда жүргізушілер автобус апаты болған қиылыстағы бағдаршамға шағымданды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная