30 қараша 2022 09:17

Алматыда жүргізушілер автобус апаты болған қиылыстағы бағдаршамға шағымданды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда көлік жүргізушілері автобус апаты болған жол қиылысындағы бағдаршамға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда көлік жүргізушілері автобус апаты болған жол қиылысындағы бағдаршамға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әңгіме Абылай хан даңғылы мен Төле би көшесі қиылысы туралы болып отыр. Дәл осы жерде биыл 8 қарашада екі жолаушылар көлігі соқтығысқан. Оқиға куәгерлері сол күні бағдаршам дұрыс жұмыс істемегенін айтады. Атап айтқанда, оңтүстік бағытта Абылай хан бойындағы жасыл шам соңғы алты, кейде тоғыз секундта жыпылықтай бастағаны айтылды. Жалпы басқа қиылыстарда бағдаршам жарығы соңғы үш секундта немесе толық есеп аяқталғаннан кейін сигнал береді.

Апат болғанына 20 күн өтсе де жол қиылысындағы жағдай өзгермеген. Жүргізушілердің айтуынша, бағдаршамда есеп бойынша ақаулар әлі де бар. Осыған байланысты кейбір жүргізушілер жылдамдықты дер кезінде бәсеңдетуге үлгермей, төтенше жағдайдың жоғары қаупін тудырады.

Tengrinews.kz редакциясы пікір алу үшін Алматы әкімдігіне жүгінді.

Еске салайық, жол апаты Төле би көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында болған. Апат салдарынан бір адам қаза тауып, 19 адам ауруханаға жеткізілген. Кейін оқиғаның видеосы пайда болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети