Алматыдағы автобус апаты: оқиғаға себепкер жүргізуші ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы автобус апаты: оқиғаға себепкер жүргізуші ұсталды Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматыда адам өліміне әкелген жол апатына себепкер болған жүргізуші ұсталды. Бұл туралы Алматы полициясы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда адам өліміне әкелген жол апатына себепкер болған жүргізуші ұсталды. Бұл туралы Алматы полициясы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұған дейін берілген ақапарт бойынша, бүгін Мақатаев пен Масанчи көшелерінің қиылысында болған адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жол апатына себепкер жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады Алматы жол полициясы.

Қоғамдық көлік қозғалысының жылдамдығын анықтау үшін сараптама тағайындалды. Қалалық полиция апатқа қатысты басқа да мән-жайлар анықталып жатқанын айтты.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматыда автобус дүкенге кіріп кетті деген ақпарат пайда болғаны хабарланды. Кейінірек осы оқиға салдарынан бір жолаушы оқиға орнында жан тапсырғаны белгілі болды.

Полиция жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғап, сараптама тағайындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети