Алматыдағы автобус апаты: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы автобус апаты: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Алматыда адам өлімімен аяқталған автобус апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда адам өлімімен аяқталған автобус апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, зардап шеккен 25 адамның төртеуі ауруханаға жатқызылған. Бөлімше пациенттердің аяқ, қолдары сынғанын, олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланатынын хабарлады. Барлығы қажетті ем-дом алатыны айтылды.

"Қалған зардап шеккен адамдар ұсыныстардан кейін тұрғылықты жері бойынша емделуге жіберілді. Медициналық көмекке барлығы 24 адам жүгінген. Бір жәбірленуші жедел жәрдем келгенше көз жұмды", - деп хабарлады қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салайық, 26 маусымда Алматыда жолаушылар мінген автобус ауыр апатқа ұшыраған болатын. Жол апаты Мақатаев пен Масанчи көшелерінің қиылысында болған. Оқиға сәті видеоға түсіп қалған. Автобус ішінен түсірілген видео да жарияланды.

Апат салдарынан бір жолаушы қаза тауып, 16-сы жарақат алған. Кейінірек зардап шеккендердің саны 25-ке жетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети