02 қараша 2016 10:12

Алматыдағы банк маңындағы тонау әрекеті видеобақылау камерасына түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеоның кадры Видеоның кадры

Алматыда банк бөлімшесінің маңындағы тонаудың эксклюзив кадрлары пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеоға Тимирязев көшесінде қақтығысып қалған төрт ер адам түсіп қалған.


Алматыда банк бөлімшесінің маңындағы тонаудың эксклюзив кадрлары пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеоға Тимирязев көшесінде қақтығысып қалған төрт ер адам түсіп қалған.

Олардың екеуі қарсыластарынан сөмкеге ұқсас затты тартып алуға тырысып жатыр және қара күртедегі ер адамның тапаншаға ұқсас затты ұстап тұрғаны байқалады. Соңында шабуыл жасаушы екі адам көліктің алдымен жүгіріп өтеді. 

Еске салайық, осыған дейін Тимирязев пен Марков көшелерінің қиылысында орналасқан "Алатау Гранд" бизнес орталығының маңында атыстың болғаны хабарланған болатын. Куәгерлердің айтуынша, атыс түскі уақытта болған. Банк бөлімшесінің күзетшісі бизнес орталықтың алдында атыс болғанын хабарлаған. Күзетшінің айтуынша, атыстан банк клиенті зардап шекті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети