Алматыдағы барахолка аумағында өрт шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматыдағы барахолка аумағында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы барахолка аумағында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

"18 қыркүйекте сағат 13:26-да Бөкейханов көшесі, 506/1 мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама келіп түсті. Алматы ТЖД күштері мен құралдары жоғары ранг бойынша жіберілді.

Оқиға орнына барған соң сағат 13:35-те өрт ауданы 150 шаршы метрден асатын қоймаға ауысып, екі қабатты үй-жай жанып жатқаны анықталды", - деп хабарлады Алматы ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осы мекенжай бойынша, 2GIS картасында "Барыс" базары көрсетілген.

Өрт 13:50-де ауыздықталды.

Төтенше жағдайлар департаменті жеке көліктердің өрт сөндіру техникасына кедергі жасағанын хабарлады. Оларды эвакуаторлармен алып тастауға тура келген. Оқиға орнына полиция қызметкерлері де барды.

Кейін екі қабатты асхана отқа оранғаны белгілі болды.

"Қойма үй-жайларынан тауарлық-материалдық құндылықтар эвакуацияланды, өрттің таралу қаупі жойылды", - деп хабарлады Алматы Төтенше жағдайлар департаменті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети